Сабақ №1

Тақырыбы: Анатомия және физиология ғылымдарының дамуына қысқаша шолу

Мақсаты:   1. Биология ғылымдарының салаларымен таныстыру. 2. Анатомия және физиологияның ғылым ретінде қалыптасуын көрсету, міндет-мақсаттарын айқындау. 3.  Салауатты өмір сүруге бағыттау;

Әдісі: Деңгейлеп, саралап оқыту.

Көрнекілік: Оқулық.  Кесте

Сабақ барысы:    І. Ұйымдастыру кезеңі (ой қозғау)

  1. Биология ғылымы нені зерттейді?
  2. Биология ғылымының қандай салалары бар?

ІІ. Жаңа материалды меңгерту/Оқулықпен жұмыс істеу дағдысын  қалыптастыру /                                                                                                    а/ тапсырма. Негізгі ұғымдар мен терминдерге анықтама бер:

Анатомия-

Физиология-

Гигиена-

Саналы адам-

Гистология-

Адам морфологиясы-

ә/ тапсырма: Адам ағзасының құрылымын,қызметін зерттеу әдістерін сипатта:

Анатомиялық әдіс-

Физиологиялық әдіс-

Математикалық-

Химиялық-

Хирургиялық-

б/ тапсырма:Адам ағзасының құрылымдық деңгейіне кесте жаса:

 

Деңгейлер Жүйедегі мүшелер Атқаратын қызметі
Молекулалық
Жасушалық
Ұлпалық
Организмдік

 

в/ тапсырма: Мүшелер жұмысының реттелу жолдарын түсіндір.

г/ ЕСІҢДЕ сақта!

Гиппократ – медиицинаның атасы, Клавдий Гален – анатом физиолог, Аль –Фараби – ұлы ойшыл философ, Авиценна – Шығыстың ұлы энцеклопедист ғалымы, Леонардо да Винчи – анатомияның дамуына үлес қосты, Андреас Везалий – анатомияның негізін қалаушы, Уильям  Гарвей – физиологияның қалыптасуына әсер етті, Н.И. Пирогов – анатом-хирург, И.В. Сеченов – рефлекстің табиғатының негіздері, И.И Мечников – иммунитет негізін салды, И.П. Павлов – физоилог, Х.Досмұхамедов – салауаттылықтың негізін қалады.

ІІІ.Деңгейлік тапсырмаларды орындап баға ал.

 

1.Адам ағзасында қандай деңгейлер бар?

2Адам ағзасын зерттеу әдістерін ата.

3Адамның адам болып қалыптасуына қандай факторлар себеп болды?

  1. ағзаның біртұтастығын дәлелде.Тақырыбы: Адамның тірі ағзалар жүйесінде алатын орны.  Адамның шығу тегі

     

    Мақсаты:    Адамның тірі ағзалар жүйесіндегі ролін, маңызын білу;

    Адам мен жануарлар ағзасын салыстыра отырып негізгі ұқсастық,   айырма-

    шылықтарын анықтау. Эволюция нәтижесінде адам  ағзасында болған  өзге-

    рістерге көңіл аудару;

    Салауатты өмір сүруге бағыттау;

    Әдісі: Деңгейлеп, саралап оқыту.

    Көрнекілік: Кесте: Жануар және адам ағзасы.

     

    Сабақ барысы:    І. Ұйымдастыру кезеңі

     

    1. Биология ғылымы нені зерттейді?
    2. Биология ғылымының қандай салалары бар?

    ІІ. Жаңа материалды меңгерту/Оқулықпен жұмыс істеу дағдысын

    қалыптастыру /                                                                                                    а/ тапсырма. Негізгі ұғымдар мен терминдерге анықтама бер:

    Атавизм-

    Рудимент-

    Дриопитектер-

    Рамапитектер-

    Аустралопитектер-

    Епті адам-

    Тік жүретін адам-

    Неандертальдықтар-

    Кроманьондықтар-

    ә/ тапсырма:Антропогенезге кесте жаса:

     

    Қазба адамдар Сипаттама Табылған жері
    Рамапитектер    
    Аустралопитектер    
    Епті адам    
    Тік жүретін адам    
    Неандертальдықтар    
    Кроманьондықтар    

     

    б/ тапсырма: Адам нәсілдері

    в/ ЕСІҢДЕ сақта!

    Адам ардақты ат, оны халық ежелден құрмет тұтып, басқа тіршілік иелерінен ерекше    кім    деп сұраған.

    Адамның жоғары сатыдағы омыртқалы жануарларға, оның ішінде сүтқоректілерге ұқсастығы сырттай қарағанда бірден көзге түседі.

    ІІІ.Деңгейлік тапсырмаларды орындап баға ал.

    1.Адам ағзасында қандай деңгейлер бар?

    2Адам ағзасын зерттеу әдістерін ата.

    3Адамның адам болып қалыптасуына қандай факторлар себеп болды?

    1. ағзаның біртұтастығын дәлелде.

     

    Үйге: параграф   3

     

    №3 сабақ  Жасуша мен оның органойдтарының

    Мақсаты:   1. Адам организмінің клеткалық  құрылымы туралы түсінік беру.

    1. Өсімдік және жануар клеткасын салыстыра отырып, ұқсастық белгілерін анықтау.
    2. Оқулықпен өз бетінше жұмыс істеуге дағыландыру.

    Әдісі: деңгейлеп, саралап оқыту.

    Көрнекілік: жануар және өсімдік клеткасының құрылысы.

    Сабақ барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. адам организмінің ішкі құрылысы (неден тұрады)

    1. Адам организмінің деңгейлерін ата.
    2. Адам организмін неліктен біртұтас дейді?

    ІІ. Кезең. Жаңа тақырыпты меңгеру (оқулықпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру)

    а) Жаңа ұғымдарға анықтама бер.

    — жасуша (клетка)

    — органоид – клетканың тұрақты арнайы құрылымы.

    ә) тапсырма

    Кестені толтыр: Клетканың құрылысы.

 

Органоидтар Атқаратын қызметі
1. Мембрана

 

2. Цитоплазма

3. Митохондрия

4. Рибосома

5. Ядро

6. Гольджи жиынтығы

7. Лизосома

8.ЭПТ

Клетка арасындағы зат алмасуға, қоректі заттарды тасымалдау, қорғаныш, беріктік, тіректік.

Клетканың тіршілігін, біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Энергия түзеді, өздігінен бөлініп, көбейе алады.

Нәруыздар түзеді.

Генетикалық ақпаратты сақтаушы, көбеюге қатысады.

Гликоген түзуге қатысады, заттарды тасиды, лизосомаларды құрайды.

 

Қоректік заттарды қорытуға қатысады, ыдыратады.

Липидтер, көмірсуларды түзеді.

 

 

              Бейорганикалық заттар                  Органикалық заттар
Су, минералды тұздар Нәруыз, көмірсу, липидтер

б) тапсырма : клетканың негізгі тіршілік қасиеттерін жаз :

  1. Деңгейлік тапсырмаларды орында.

1-деңгей

  1. АТФ қай органоидта түзіледі ?

а) рибосома           ә) ядро             б) митохондрия

  1. Аталған заттардың қайсысы фермент

а) майлар            ә) көмірсу                   б) нәруыз

  1. Қай зат тұқымқуалаушылық процесіне қатысады

а) нуклеин қышқылы                ә) ақуыз               б) май           в) көмірсу

2-деңгей

  1. Аталған заттардың қайсысында азот бар?

а/ май             ә /глюкоза           б/  нәруыз

  1. Ең көп энергия қай зат ыдырағында бөлінеді ?

а) 1г май                 ә) 1г ақуыз              б) 1г көмірсу

3-деңгей  1. Сөйлемді аяқта.

а Күрделі затты жай затқа ыдырататын активті зат   ………       деп аталады.

ә Нәруыздың мономері……

а) Эндоплазмалық тор.

  1. құрылысы – бір-бірімен тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақша. Түзіліс.
  2. қызметі -нәруыздар синтездейді, басқа органоидтармен қатынас жасауға.

ә) Гольджи жиыны –

құрылысы – түтікше тәрізді түзіліс

қызметі – заттарды тасымалдау, соңғы өнімдерді шығару.

б) Жануарлар мен өсімдік жасушаларының айырмашылығы.

в) Жасушаның негізгі қасиеттері

Деңгейлік тапсырмалар.

  1. Органоид деген қандай ұғым, олар жасушада қалай орналасады?
  2. Жасушаның негізгі тіршілік қасиеттері.
  3. Жасушаның органиодтарын ата.

 

Биологиядан сабақ жоспарын тегін жүктеу

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Введите свой комментарий!
Введите свое имя