Әдебиеттік оқудан сабақ жоспарлары — 3 сынып

0
217

№ 1 /1/02/06     3сынып

Ана тілі

    Сабақтың тақырыбы: Қоңырау. Н. Әлімқұлов.

   Сабақтың мақсаты:

   Білімдік: өлең мазмұнын өмірмен байланыстыра әңгімелеуге, өлеңдегі бала сезімдерін байқай білуге, өздік жұмыстар арқылы өлең шумақтарын талдауға мүмкіндік беру.

   Дамытушылық: шығармашылық ішкі мүмкіндіктерін дамытуға жағдай туғызу.

   Тәрбиелік: әдемілік пен өмір заңдылығының қарым-қатынасын түсінуге бейімдеу.

   Сабақтың көрнекілігі және қажетті құралдар: топтау сызбасы, интерактивті немесе кәдімгі тақта, бор, маркер, әдемі қоңыраулар.

   Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылығын ояту.

а) Балалардан қоңырау сөзін естігенде қандай ой (ассоциация) келетінін сұрау.

Немесе:

ә) Қоңырау сөзімен бірнеше сын есімді сөз тіркестерін жазу.

а) Оқушылардың жазғандарын оқытып, талдап болған соң, олардың қоңырауға деген сезімдері туралы жылы лебізді сөз айта келіп, жаңа сабақ тақырыбы хабарланады.

  1. Мағынаны тану.

Оқушылар оқулықты ашып, Н. Әлімқұловтың «Қоңырау» өлеңін іштей оқиды.

Өлеңді оқып, мазмұнын түсіну және әр шумаққа ат қою тапсырылады.

Сонымен өлең мазмұны бойынша жоспар шығады. Жоспардың қалай шыққандырын байқатып, оны құрастырудағы оқушылардың жұмыстары талданады.

Сұрақтар:

— Өлеңде мерекелік қуаныш, сағыныш, құрмет сезімдері қай шумақтардан байқалады?

Оқушылар өлеңге қайта қарап, талдауға дайындалады.

Алғашқы қоңырау мерекесі тіркесіне синоним сөз тап (Білім күні …).

— Қоңыраудың мектепке қалай келгендігі туралы не білесің? Өз ойыңды айтып көр (болжау).

— Қоңырау тағы қандай жағдайда қолданылады? (Күймелі ат арбада, жануарлардың мойнында, шіркеулерде…)

— Қоңырау даусы тілінің қозғалуынан шыға ма әлде қоңыраудың өзінің қозғалуынан шыға ма? (Ойлануға).

   Қосымша мәлімет.

   Қоңырау  металдан жасалған, дыбыс шығаратын аспап. Ол көбінесе қоладан құйылатын болған. Қоңыраудың ішінде тілі бар. Қоңырау қозғалған кезде дыбыс шығарады. Ресей жерінде қоңырау құятын көптеген зауыттар бар. Ерте заманнан осы күнге дейін шіркеуге шақыру үшін қоңырау даусы пайдаланылып келеді.

   Көне Қытайда қоңырау құю дәстүрі болған. Ал жапон, кәріс шеберлері бұл өнерді қытайлардан үйренген. Қытайлықтар қоңырау соғу арқылы күннің шығуы мен батуын білдірген және оқыс оқиғаларға белгі беретін болған.

— Алғашқы қоңырау мерекесі мен алтын күз мерекесінің қандай байланысы бар?

  1. Ойтолғау.

а) Бүгінгі мерекелік сәтті қысқаша сипаттап, тақтада өздері жазған тіркестерді пайдаланып, өлеңмен байлапыстыра отырып эссе жазу. Немесе:

ә) Оқулықтың 5-бетіндегі сұрақтар мен тапсырмалардағы шығармашылық жұмысты орындату. Егер уақыт жетпесе, мысалды үйде аяқтауға да мүмкіншілік бар. Бұл жерде жез қоңырау мен электр қоңырауды салыстырып, мерекеде неліктен жез қоңырау құрметпен соғылатынын, оның дауысы өте жағымды екенін балалар байқамай қалуы мүмкін емес болатындай жағдай жасау.

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспарын тегін жүктеу

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Введите свой комментарий!
Введите свое имя