Қазақ тілінен сабақ жоспарлары — 3 сынып

0
455

Қазақ тілі

№ 1.     Тақырыбы: Сөз және оның мағынасы

Мақсаты: Сөз және оның мағынасы  туралы 2-кластағы алған білімін қайталап, еске түсіре отырып, жаттығулар орындау; сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;  дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері:   тірек сызбалар, мазмұнды суреттер

Сабақтың барысы:     І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ.  Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.  Жаңа материалмен жұмыс: а) өткенді еске түсіру. Сөз  дегеніміз не? Сөздің қандай мағыналарын білесің? ә) оқулықпен жұмыс. 1-жаттығу (тірек сызба көмегімен сөз таптарын еске түсіру) б) дәптермен жұмыс.  Күн ретін жазу.  Көркем  жазу А а А а  Алма.

2-жаттығу. Сөздерді оқу, ондағы ұқсастық пен айырмашылықты бөліп көрсету, сөйлем құрау. Мысалы: Жазда аралар гүлдерден бал жинайды. Айдостың ала сиыры жайылып жүр. 3-жаттығу. Аспанда: ай, жұлдыз, күн, бұлттар, құстар, тікұшақ. Жерде:  топырақ, тастар, жәндіктер. Суда: балықтар, балдырлар, кеме, қайық .

в) Сергіту жаттығуы. 4-жаттығуды өзіндік жұмыс ретінде балаларға сурет бойынша  сөйлем құрап жаздырту. 5-жаттығу Оқушылардың үстел жайында білімдерін ауызша сұрау, суретпен жұмыс жүргізу.

ІҮ.Бекіту: а) 6-жаттығудағы ақпаратты  есте сақтап талдау. ә) Ойын «Кім тапқыр?» Ойының шарты:  оқушыларды 4 топқа бөліп, зат, сын, сан есім, етістік бойынша сөздер айтқызу, сұрақ қою.

Ү. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Сөз туралы не білеміз? Сөз мағынасына қарай  қалай бөлінеді?

ҮІ.  Үйге тапсырма: 7— жаттығу 5-бет. ҮІІ. Оқушыларды бағалау

№ 2.    Тақырыбы:  Сөз және оның мағынасы

Мақсаты: сөз және оның мағынасы  туралы білімін тиянақтау; сөздік қорын, ақыл-ойын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;  дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:  аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу  жұмыстары. Сабақтың көрнекіліктері:   мазмұнды суреттер, тірек сызбалар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 7-жаттығуды тексеру. Ол заттың түсі сары, дәмі тәтті, түрі сопақша, дәруменге бай. ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс:   а) өткенді еске түсіру.  Мына сөздерге қарама-қарсы мәнді сөздерді тауып айтыңдар. Ұзын-қысқа, алыс-жақын, арзан-қымбат т.б. Мына сөздер

ә) оқулықпен жұмыс,  8-жаттығуды мәнерлеп оқу, талдау. Сөл, шырын, сығынды, нәр.

б) дәптермен жұмыс. Күн ретін, көркем  жазуға Б б Б б Б б  Бауыржан жаздырту.

9-жаттығу. Жаңылтпашты мәнерлеп, шапшаң  оқыту, жаттату. 4-5 балаға жатқа айтқызып, тыныс белгілеріне назар аударту. Жатқа жазып, оқулықпен тексерту. Жазылуы бірдей мағыналары әртүрлі «алма-алма» сөздерінің мағынасын түсіндіру.

Қазақ тілінен сабақ жоспарын тегін жүктеу

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Введите свой комментарий!
Введите свое имя