Ана тілінен сабақ жоспары — 2 сынып

0
238

Ана тілі

№2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық

Мақсаты: Ы.Алтынсариннің Кел,балалар , оқылық өлеңінің мағынасын түсіндіру.Ой-өрісін, тілін, сөздік қорларын дамыту. Білімге, оқуға, өнерге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.ІІ .Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ

а/ Ы.Алтынсарин туралы түсінік.Ы.Алтынсарин 1841-1889 Қостанай облысында туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды.

ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.б/ Дәптермен жұмыс

сөздік жұмыс жүргізу.

ІҮ. Түсінгендерін тексеру:Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты?Өлеңнің бірінші шумағынан не түсіндіңдер?Оқудың пайдасы жөнінде не айтты?Тауып оқу

Ү. Қорыту:Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер айту.

ҮІ. Үйге тапсырма:Өлеңді жаттау.Бағалау.

 

№3.   Тақырыбы: Малды пайдаға жарату

Мақсаты: 1. Оқушыларға әңгіменің тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізуге, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау.2.  Ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау.3. Ата-ананың қадірін білуге, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас.

Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин портреті, сызба, өлең жолдары

Әдісі:  түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!»  өлеңін жатқа сұрау. Білімнің пайдасы туралы не білеміз? «Шоқуменен, тоқуменен, оқуменен» — бәрі де еңбек мәндерін түсіндіріп көр.

ІІІ .Жаңа сабақ:Мұғалімнің түсіндірмесі. «Малды пайдаға жарату» әңгіменің мазмұнын қысқаша баяндау. Ыбырайдың  бұл әңгімесі мына өлең жолдары «Ата – енең қартайса,

Тіреу болар бұл оқу» толығырақ  түсуіне көмегін тигізеді.

ІҮ. Оқушымен жұмыс жүргізу:Оқушыларға тізбектей дауыстап оқытып шығу. Сөздік жұмысын жүргізу. Мәтін кейіпкерін атау. Оқушылардың түсінігін сұрау.

Ү. Дәптермен жұмыс

Үйші тапқан малын қайда жұмсайды екен?

Төмендегі сызбаға жаз.

ҮІ. Қорыту

Сен ата-анаңның еңбегін қалай ақтар едің?

Әңгімені басқаша қалай атауға болады?

ҮІІ .Үйге тапсырма: 5-6 бет оқу, мазмұнын айту.  Бағалау.

 

№  4. Тақырыбы: Мектеп — біздің анамыз. Ыстық қой, шіркін, туған жер

Мақсаты:Ө.Тұрманжановтың Мектеп біздің  анамыз өлеңі мәнерлеп оқуға,Ж.Аймауытовтың өмірі жайыл түсінік бере отырып, Ыстық

қой,шіркін , туған жер тақырыбын оқып, түсіндіру.Тілін , ой-өрісін дамыту, мәнерлеп оқуға баулу. Туған жерін, елін ,жерін сүюге ,қорғай білуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Ж.Аймауытов, Ө.Тұрманжанов суреті.

Түрі: аралас.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.ІІ. Үй тапсырмасын сұрау«Күн шыққанда»  өлеңін мәнерлеп оқу,сұрақтарға жауап алу.ІІІ. Өткенді қорыту:Таңғы тіршілік туралы әңгімелеу

ІY. Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.Жаңа сабаққа даярлық .

Ү Жаңа сабақ:а/Ж.Аймауытов өмірімен таныстыру.ә/ өлеңді  , тақырыпты мәнерлеп оқу.б/ сұрақтарға жауап  алу.в/ сөздік жұмыс жүргізу.г/ Оқулықпен жұмыс.

тақырыпты оқу   1. іштей оқу  2. тізбектей оқу 3 .тауып оқу /қуаныш,сүйсініс,өкініш,мақтаныш/.  Дәптермен жұмыс ,  д/ Сергіту сәті

ҮІ. Түсінгендерін тексеру

Сұрақтар қоя отырып, туған жер туралы мақал-мәтелдер айту

ҮІІ. Қорыту:Бүгін не өттік? Ж.Аймауытов кім?

Ана тілі 2 сынып сабақ жоспарын тегін жүктеу

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Введите свой комментарий!
Введите свое имя