1 — сыныпқа арналған сабақ жоспары

0
357

Әліппе

 

1.Сабақтың тақырыбы:Елбасы. Еліміздің рәміздері.

    Сабақтың мақсаты:Әліппе оқулығының авторларымен таныстыра отырып, нені оқып, білетініміз жайлы мағлұмат беру.  Елбасы, еліміздің рәміздері туралы түсінік беру.

Н. Ә.Назарбаев сөзімен таныстыру.Мектеп ішінде жүріп –тұру ережесін үйренуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: Елбасы-Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті.Мемлекеттік рәміздер.

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, әңгімелеу.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Оқушыларды партада отыруға, мектеп тәртібіне үйрету.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Әліппе кітабы туралы мағлұмат бару.2. ҚР-ның президентінің сөзімен таныстыру   Айналайын!

Қолыңдағы әсем кітап «Әліппең»-аяулы ана тіліңнің мөлдір бастауы, білім шыңына жол ашар ақылшың. Білім есігін ашқан алғашқы қадамың құтты болсын!Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ.Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болып өсетініңе сенемін.

Қазақстан Республикасының президенті:                              Н. Назарбаев.

Қорытындылау: Балалар, біз бүгінгі сабағымызда не жайында білдік? ҚР-ның рәміздерін атап көрейік.Әнұранның сөзімен таныстыру. Әнімен айтып беру.

 

  1. Сабақтың тақырыбы: Мектеп

    Сабақтың мақсаты :Білім күні. Айналамен таныстыру.Ынтымақ,  достыққа, үлкенді сыйлауға еңбек ете білуге өз отбасына, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу.

Танымдылық қабілетін арттыру,түсінігін баяндай білуге,ойланып тиянақты жауап беруге баулу.

Сабақтың көрнекілігі:  мектеп, сынып туралы суретттер.

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, әңгімелеу.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Оқушыларды партада отыруға, мектеп тәртібіне үйрету.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. «Білім күні» мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

Оқушы білімін тиянақтау.-ҚР-ның президенті кім?-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?-ҚР-ның рәміздерін ата.

Әліппедегі шартты белгілермен таныстыру:дыбыс,дауысты дыбыс,дауыссыз дыбыс,

сөз,сөздің буынға бөлінуі,сөйлем

ІҮ. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру кезеңі:-Назарбаев кім?-Көрсете отырып, шартты белгілерді атату.

Ү Бекіту кезеңі:  Міне, балалар,біз сендермен бүгінгі сабақта білім күні туралы мағлұмат алдық. шартты белгілермен таныстық.. Әліппе кітабымыздан нені үйренетінімізді білдік.

 

3.Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары

Сабақтың мақсаты: Оқу құралдарымен таныстыру.Жыртпай таза ұстауға, яғни ұқыптылыққа  баулу.Танымдылық қабілетін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі:  Оқу құралдары

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:

а) Оқу құралдарымен таныстыру.1. дәптер, қалам  2. Сызғыш, өшіргіш  3. Пенал портфель 4. Бояу  ә) Оқу құралдарды қалай пайдаланамыз?  б) Кезекші не істейді?

Сергіту сәті

ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.-Балалар, кәне кім оқу құралдарын атап береді? -Дәптер не үшін керек?  -Қандай дәптердің түрлерімен таныстық?-Пенал деген не?

-Оқу құралдарын неге салып тасимыз?   -Бояумен не істейміз?

Ү. Білімді бекіту:Біз оқу құралдарына құрметтей қарауымыз керек екен.

Біл олардың көмегі арқылы білім аламыз. Оқулықтарды жыртуға, құртуға болмайды.

Оқушы туралы өлең жаттау.

Күннің нұры шуақты,

Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді.

ҮІ .Сабақты қорытындылау: Оқу құралдары сенің көмекшің. Сондықтан оқулығыңды ұқыпты ұста.

Сабақ жоспарын тегін жүктеу

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Введите свой комментарий!
Введите свое имя