Еңбекке баулу сабақ жоспары — 1 сынып

0
275

Еңбекке баулу -1 сынып

 

 

Сабақ тақырыбы: Кіріспе.  «Еңбекке баулу »

Сабақ мақсаты:1Оқушыларға адамдардың ең бірінші өмірлік қажеті еңбек екенін айту.2Оқушылардың өмірге деген көзқарастарын, ой — өрісін дамыту.3Еңбек біліктілігін, қалыптастыру арқылы еңбекке қызығушылығын ояту арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.

Сабақ түрі:  жаңа сабақ

Сабаққа қажетті материалдар: еңбекке баулу оқулығы, суреттер.

Сабаққа қолданатын құралдар: плакатты суреттер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:- Оқушыларды сабаққа даярлау. — Қажетті құрал – жабдықтарын даярлау.- Еңбек туралы білетіндерін сұрау.

ІІ. Өткен тақырыптарды пысықтау:Қосымша сұақтар қою.

ІІІ. Негізгі бөлім:Еңбектің түрлері бірнеше блоктар бойынша ұсынылады. Онда әр блоктың өзіне тән белгілері мен ерекшеліктеріне қарай жұмыс іріктеліп алынады.

Қымбатты балалар!

ІV.Қорытынды бөлім:.Егер еңбек сабағында жақсы жұмыс істеуге дағдылансаңдар, келешекте жақсы инженер, дәрігер, құрылысшы, аспазшы, ғарышкер бола аласыңдар.

  1. Үйге тапсырма,бағалау: «Еңбектің наны тәтті»Жалқаудың жаны тәтті мақалын талдау.

 

2.Сабақ тақырыбы:  Өзіне — өзі қызмет ету.

Сабақ мақсаты:  1. Өзіне — өзі қызмет етудің түрлерімен таныстыру 2. Өзіне -өзі қызмет етуге әр баланың қолынан келетіндігі туралы айта  отырып еңбекке деген қызығушылықтарын дамыту. 3. Мектепте, үйде ұқыпты бола білуге, тазалыққа, еңбек сүйгіштікке   тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас.

Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: суреттер, еңбек құралдар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:— Оқушыларды сабаққа даярлау.- Оқу құралдарын түгендеу.

ІІ. Өткен сабақты қайталау:1. Еңбек деген не? 2. Еңбек адамға не үшін қажет?3. Еңбекке баулу сабағы нені үйретеді?4. еңбектің пайдасы туралы.

ІІІ. Мақсат қою:— Бүгінгі өтетін сабақ тақырыбы: «Өзіне -өзі қызмет ету» деп аталады. Өзіне — өзі қызмет етуге:«Киімді күтіп кию», «Жамау салу», «Түйме қадауды үйрену», «Мектепке дайындалу», жатады.

ІV. Жаңа сабақ: 1. 7 – бет Өзіне — өзі қызмет ету.  Өзіне -өзі қызмет ету – біздің күнделікті атқаратын ісіміз. Ол киімді,төсек – орынды жинаудан басталады.  Біз оқу құралдарымызды күтіп ұстауға, сынып бөлмесінің тазалығын сақтауға тырысамыз. Бұл да өзіне — өзі қызмет ету еңбегіне жатады.Оқулықпен жұмыс жасау.

 

  1. Қорытынды бөлім:— Оқушыларға сурет бойынша әңгімелету.- Өзіне — өзі қызмет етудің тағы қандай түрін білесіңдер?
  2. Жаңа сабақты бекіту:

VII. Үйге тапсырма беру,бағалау: Әкемізбен анамыздан өзіне — өзі қызмет етуді үйрету.Мектепке дайындалу.  (әңгімелеу).

Енбекке баулу сабақ жоспарын тегін жүктеу

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Введите свой комментарий!
Введите свое имя