Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелері арқылы көбею жолдары

0
699

Сіздерге ұйғыр сыныптарына билигваль әдісін қолданған сабақ жоспарын ұсынып отырмын. Бұл сабақтан оқушылар тақырып бойынша  кездесетін жаңа сөздер, терминдер, атауларын қазақ тілінде меңгереді. Бұл ҰБТ тапсыратын оқушыларға өтте тиімді

Биология,  6 – сынып

Тақырыбы: §19. «Өсімдіктердің өсімді (вегетативті )мүшелері арқылы көбею жолдары»

Мақсаты:
1.Оқушылырға өсімдіктерді түрі өзгерген мүшелері арқылы,өсімді мүшелерінің бөліктері арқылы, телу арқылы көбейтудің жолын көрсету және үйрету.
 2. Мектеп ауласын, сынып бөлмесін , ауылды көгалдандыру жұмыстарына  қатысуына бағыт бағдар беру.
3. Оқушылардың  өз алдына жұмыс істеу қабілиеттерінарттыру,  шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: тірек-сызба, таблица, гүл құмырасы, картоптүйнегі, өркен, топырақ, су, шыны ыдыс т. б.

Қолданылатын  әдістер: билингвальды, сұрақ-жауап, проблемалық

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа дайындау, түгелдеу.

Бүгінгі сабақтың мақсат, міндеттерімен таныстыру.

ІІ.үй тапсырмасын сұрау кезеңі.

үйге  «§18. Жапырақтың түрөзгерістері» тақырыбы берілген.

Оқушылардан тақырыб бойынша сұрақ қойылып жауап алынады.

1.Түрін өзгерткен жапырақтарға қандай жапырақтар жатады?
2. Тікенге айналған жапырақтардың ерекшеліктерін айтып бер.
3. Мұртшаға айналған жапырақтарға мысал келтір.
4. Қабықшаға айналған, шырынды жапырақтарға нелер жатады?
5. Бунақденелерді аулайтын жапырақтарды білесіңбе?

Қосымша: 66 беттегі  №2 кестені толтыруға берілген. Әр түрі өзгерген жапыраққа мысал келтіру.

Тикән

Тікен

Қасириқ

Қабыршақ

Бурутчә

Мұртша

Ширнилиқ

Шырынды

Олаш қурали

Аулағыш құрал

ІІІ. Жаңа тақырыпқа дайындық кезеңі.

Сұрақтарды қою.

Тамыр, сабақ, өркен, жапырақ.

Оқушыларға осы өсімді мүшелерді көрсету.(картоп, пиязшық, өркен, тамыр)

Осы өсімдіктің өсімді мүшелері арқылы сол өсімдікті көбейтуге болама? деген сұрақты қоя отырып жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңіне көшу.

(өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру)

ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңі.

«§19.Өсімдіктердің өсімді (вегетативті )мүшелері арқылы  көбею жолдары»Өсімді мүшелерімен көбеюдің 3 жолы бар.

Бұл сызбаны есте сақтауларың керек, себебі көбею жолдары туралы ҰБТ тапсырмаларында кездеседі.

№11 зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Бөлме өсімдіктерін қалемшелеу.
Құрал жабдықтар: гүлдердің жас өркендері, гүл құмырасы,құм, қара топырақ, су  т.б.
Мақсаты: Бөлме өсімдіктерін қалемшелеу арқылы гүлдерді көбейтуге болатындығы, көбейтудің жолдары туралы  оқушылырға толық мағлумат беру.
Орындалатын тапсырмалар:
  1. Алдымен бөлме өсімдігінен қалемше дайындау.
  2. Гүл құмырасын алып түбіне 3-5 см құм салып , бетіне қара топырақ  салу.
  3. Гүл құмырасындағы топырақты ылғалдап  жас өркенді отырғызу. Топырақтың ылғалы кетпес үшін өркеннің үстінен шыны банка төңкеріп қоюға болады.
Зертханалық жұмыстың барысы.
  1. Бөлме өсімдігін алып, оның  3-4 жапырағы бар жас өркенін кесіп алу.
  2. Гүл құмырасын алып оның астына құм салынады, бетіне қара топырақты салып топырақты ылғалдаймыз.
  3. Ығалданған гүл құмырасына кесіп алған жас өркенді отырғызу. Отырғызғаннан кейін 2-3күн мұқият күтімге алу керек.
  4. Қорытынды: Бөлме өсімдіктерін вегетативті яғни өркен, жапырақ, тамыр мүшелері арқылы көбейтуге болады.V.Жаңа материалды пысықтау кезеңі.
    Астана қаласындағы  тігілген ағаштардың жобасы.
    Астана шәһиридики тикилгән яғачларниң проекти

    VІ. Сабақты қорыту кезеңі.

    1. Өсімдіктің өсімді мүшелерін атаңдар.
    2. Өсімді мүшелерінен көбейтудің неше түрі бар?
    3. Тамырсабақ арқылы қалай көбейтеді?
    4. Түйнекпен көбейту қалай болады?
    5. Пиязшықпен қандай өсімдіктер көбейеді екен ?
    6. Телудің қандай маңызы бар ?

    VІІ. Ұй тапсырмасын беру кезеңі.

    §19.Өсімдіктердің өсімді (вегетативті )мүшелері арқылы  көбею жолдары тақырыбын оқу. Қазақстанда соңғы 20 жыл ішінде өсімді жолымен көгалданған жерлер туралы  газет, журнал, интернеттен қошымша мәліметтер жинап келу.

    VІІІ.Оқушы білімін бағалау кезеңі.

    Сабаққа белсенді қатысқан, дұрыс жауап бергіп отырған, зертханалық жұмысты ұқыпты орындаған оқушыларды бағалау.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Введите свой комментарий!
Введите свое имя