Қан. Қанның химиялық құрамы. Тарихи қанды оқиғалар.

0
375

Сіздерге кіріктірілген сабақ жоспарын ұсынып отырмын. Оқушылар үшін өтте тиімді және жанжақтылығымен ерекшеленеді. Биология сабағында химия пән мұғалімі, тарих пән мұғалімі және мектеп медбикесі тақырып бойынша өз саласы бойынша түсіндіреді. Оқушылар бір сабақтан көптеген мәлімет алып шығады. Бұл сабақты мен мектепте өтілген «әдістемелік күнде» өткізіп «үлгілі сабақ» деп бағаланған.

8 сынып                                  Биология                                          

Тақырыбы: Қан. Қанның химиялық құрамы. Тарихи қанды оқиғалар.

Мақсаты:

1. Адам ағзасындағы қан қызметі, қанның химиялық  құрамы, тарихи қанды оқиғалар туралы түсінік беру.

2.  оқушыларға қанның қызметі мен құрамы ағзаға маңызды  екеніне көз жеткізу

3. оқушыларға тек оқулық бойынша білім берумен шектелмей, қосымша материалдар қолдану, сұрақтар қою арқылы ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақ түрі: Кіріктірілген

Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы

Сабақтың пән аралық байланысы: химия, тарих, математика, медицина

Қолданатын көрнекіліктер: слайд, сүреттер, оқулық, тірек-сызба т б

Қолданатын әдістер: Сөз-көрнекілік, зерттеу

Қолданатын технологиялар: АКТ, билингвальді оқыту әдісі,сыни тұрғысынан ойлау, проблемалық оқыту

                                         Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау, түгелдеу.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіруге дайындық кезеңі.

Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту. Биология сабағын химия және тарих пәндерімен байланыста өтетіні туралы ескеру.

Оқушыларға қан тақырыбы бойынша алдын ала тапсырмалар берілген. Оқушылардың алдын ала дайындап келген материалдарын тыңдау.

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.

Қан. Қанның химиялық құрамы. Тарихи қанды оқиғалар.

Жаңа сабақтың жоспары.

  1. Ағзадағы қан  /биология мұғалімі/
  2. Қанның қызметі /биология мұғалімі/
  3. Қанның биологиялық құрамы / биология пән мұғалімі/
  4. Қанның химиялық құрамы /химия пән мұғалімі/
  5. Тарихи қанды оқиғалар /тарих пән мұғалімі/
  6. Қанның сараптамалары /мектеп медбикесі/
  7. Қазақ халқының 7 атаға дейін қыз бермеуі / тарих пән мұғалімі/

ІV. Жаңа сабақтағы түсінігін тексеру кезеңі

Жаңа сабақ бойынша қанның қызметі туралы оқушылар тірек сызбаны толтырады.

V. Сабақты қорытындылау кезеңі

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша білгенін, білгенін және білгісі келетінін дәптерлеріне жазады.

Рефлексия әдісін қолдану

БІЛЕМІН БІЛДІМ БІЛГІМ КЕЛЕДІ

 

VІ. Үйге тапсырма беру кезеңі

1.Қан оның құрамы туралы оқып келу.

2.Қан неге ұяды деген сұраққа жауап табу.

VІІ. Бағалау кезеңі.

Сабаққа белсенді қатысқан, тапсырмаларды орындаған оқушыларды бағалау, ауызша мадақтау.

Автор:

Самиев Бахтияр Ауытжанович

Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Достық ауылы,
Қаратұрық орта мектебінің
ІІ санаттағы биология пән мұғалімі

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Введите свой комментарий!
Введите свое имя