Денелердің жүзу шарттары

0
273
Күні,айы Пәні: физика Сыныбы: 7

 

Сабақтың тақырыбы  Денелердің жүзу шарттары
Мақсаты Денелердің жүзу шарттары туралы  білімдерін оқушы санасына бекіту, жүйелеу.

Өткен тақырып бойынша берілген әр түрлі тапсырмаларды практикада қолдану.

Оқушылардың белсенділігін арттыру өзіне-өзі баға беруге, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға үйрету, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа,

 шығармашылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Табыс критерийлері: 1.Архимед күшінің неге тең екенін түсінеді

2.Денелердің жүзу шарттарын  ажырата біледі.

3.Денелердің жүзу шарттарын  практикада қолданып  есеп шығара біледі.

4. Формулаларды есеп шығаруда қолданады.

 

Түйінді идея  Денелердің жүзу шарттарының ерекшеліктерін түсінеді
Сілтеме Р.Башарұлы,У.Тоқбергенова,Д.Қазақбаева  оқулық 7-сынып

Интернет желісі.

Оқыту әдісі Топпен жұмыс, жеке жұмыс, диалогтік әдіс, жинақтау әдісі
Көрнекілік

Техникалық құралдар

       1. Интербелсенді тақта

2.Ақпараттар А4 форматты қағаз,маркерлер.

3.Электронды оқулық

Ұйымдастыру Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылармен  жаттығу орындау.

 

Топқа бөлу  1.Кәмпиттер  арқылы  екі топқа бөлінеді.

2. Бөлшектер арқылы жұпқа бөлінеді.

 

Ұй жұмысы

 

 

Жаңа сабақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма

 

 

«Алтын балық» стратегиясы

 

 

Электронды оқулықты қосу.

 

1) Егер дене сұйыққа толық батып,оның

ішінде жүзіп жүрсе,онда денеге әрекет

ететін ауырлық күші архимед күшіне тең.

  1. Егер дене әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен артық болса,онда дене сұйыққа батады.
  2. Егер ауырлық күші архимед күшінен кем,яғни болса,онда дене жүзе бастағанға дейін сұйық бетіне көтеріледі.

Дене сұйық бетінде жүзуі кезіндеығыстырылған сұйықтың көлемі дененің сұйыққа батқан бөлігінің көлеміне тең болады.

Дененің  жүзу шарттары келесідей: егер дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық болса,онда дене сұйыққа батып кетеді; егер дененің тығыздығы сұйықтікінен аз болса,онда дене сұйық бетіне көтеріледі; Сұйық пен дененің тығыздықтары бірдей болғанда ,дене сұйық ішінде жүзеді.

 

Денелердің жүзу шарттары тақырыбын оқып, талқылап  ,ортақ шешімге келіп әр жұп постерге, сызады , қорғайды.

 

Сұрақтар қояды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бір-бірін бағалайды.

«Шапалақ»әдісі

Тасырмалар

«Волейбол»

стратегиясы

Әр топқа берілетін тапсырмалардың сипаттамасы .Логикалық сұрақтар

  1. Газдың көлемін тұрақты етіп алып қыздырса,оның қысымы температура жоғарлағанда қалай өзгереді?
  2. Үлкен ыдыс ішіндегі газдың тығыздығы барлық нүктелерде бірдей бола ма ?
  3. Әр түрлі заттан жасалған көлемдері бірдей екі денеге әрекет ететін Архимед күші де бірдей бола ма?
«Басбармақ» әдісі арқылы басқа  бағалайды.

 

«Допты лақтыру»

стратегиясы

 Мен өзім сұрақтар қоямын.

1.Архимед занының формуласы

2. Қысымның формуласы

3. Ауырлық күшінен Архимед күші  үлкен

болса ?

4. Ауырлық күшінен Архимед күші  кіші

болса ?

5.Ауырлық күші Архимед күшіне тең болса

6.Қысымның өлшем бірлігі?

 

 

«Мен журналистпын» стратегиясы Оқушылар бір-бірінен сұхбат алады. «Бағдаршам» арқылы бағалау
Сәйкестендіру Слайд. Берілген кестені толтыру. «Өзін-өзі» бағалау әдісі арқылы
Деңгейлік тапсырмалар Есеп шығару. Әр жұпқа жеке тапсырма Жетондар беру арқылы бағалау
Үйге тапсырма 1. «Денелердің жүзу шарттары» 165-167 бет оқу,    сұрақтарға жауап беру

2. Экспериментік тапсырма

3. 24-жаттығу № 3 есеп

 Бағалау  Жиналған жетондарды санау

 

Кері байланыс Күлегештерге позитивті пікірлерін жазады .

 

Маған ұнады…

Маған қиын болды…..

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Введите свой комментарий!
Введите свое имя