Педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы – заманауи талап

0
194

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан–2050» стратегиясы:қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында XXI ғасыр– білім мен ғылымның ғасыры, инновациялық технологияның, электронды-ақпараттық техниканың ғасыры екендігіне ерекше назар аударылған[1].

Әрине, мұндай сипатты ғасырға сай болу үшін отандық білім беру жүйесінің күн тәртібінен түспейтін ұлы мақсаттарының бірі – оқыту процесіне заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен енгізу, сол арқылы ұрпаққа сапалы білім беру, әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті келешек тұлғалар даярлау.

Біздің мемлекетімізде білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алынғаннан бастап білім саласында орасан зор істер жолға қойылды және әлі де үздіксіз іске асырылуда, атап айтқанда:

білім беру ұйымдарында заманауи компьютерлік техникалар, интерактивті тақталарорнатылды;
жаңа модификациялы кабинеттер жасақталды;
мультимедиалық-лингофонды кабинеттермен жабдықталды;
аталған техникамен қатар арнайы бағдарламалар және түрлі сандық білім беру ресурстары да орнатылуда;
әрбір білім беру мекемесі Интернет желісіне қосылған.

Ал осы игіліктерді білім беру үдерісінде тиімді пайдалана білу өз кезегінде бүгінгі педагогтерден сөзсіз ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті талап етеді.

Аталған «құзыреттілік», «құзырлылық» ұғымының мәніне үңілетін болсақ, педагогтің ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігі немесе құзырлылығы дегеніміз – оқу, тұрмыстық, кәсiби мiндеттердi aқпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегiмен шеше бiлу қабiлеттiлiгi.

Педагогтердің ақпараттық технологияларды қолдануға даярлығы – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша жаңа бастамалардың сәтті енгізілуінің басты шарттарының бірі екені мәлім.

Бұл жөнінде Білім ақпараттандыру Академиясының Президенті,педагогика ғылымдарының докторы, профессор Г.Қ. Нұрғалиева да өз еңбектерінде білім беру жүйесін ақпараттандыру жұмысындағы ең негізгі критерийлердің бірі – кадржүйесінің дайындығы болып табылатындығын айтады. [3]. Өйткені білім беру жүйесіне қандай жаңашылдық енгізілсе де, сол жаңашылдықтардың барлығын іске қосатын тетік, яғни мектептегі басты тұлға – мұғалім.

Міне, сондықтан да педагогтердің, оның ішінде, әрине, сол педагогтер ұжымдарын басқарып отырған басшылардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін (немесе құзырлылығын) қалыптастыру қазiргi таңда ең көкейкестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Әрине, бұл мәселе білім беру жүйесіне жоғарыда аталып өткен «жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» ұғымының енуімен және бiлiм беру саласында компьютерлік техникалардың қолданыла бастауымен тығыз байланысты.

Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану процесіндегі негiзгi құрал – әрине, компьютeр. Ол – бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретiн зор құрал. Бiрақ бiз осы құралдың шексiз зор мүмкiндiктерiн әлі де болсатолық пайдалана алмай келеміз. Мұның басты себебі – мұғалімдердің, сонымен қатар педагог-басшылардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігінің толық қалыптаса қоймағандығында немесе әлі де болса төмен екенінде.

Яғни жоғарыда аталған себептердің түп-тамыры мұғалімдердің біраз бөлігініңтың өзгерістерге үрке қарап, жүрексінгендіктен, бұрынғы білім беру жүйесінің өзгеріссіз қалуын жақтауында жатыр.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» делінген[2]. Бұл орайдағы басты мақсат – отандық білім берудің сапасын жоғары деңгейге жеткізу, Қазақстандағы IT саласын дамыту, сол арқылы әлемдік ақпараттандыру кеңістігіне ену және білім берудің мазмұны мен құрылымын жаңарту болып табылады.

Осындай ұлы мақсаттарды жүзеге асыру үдерісіндегі ең басты тірек – ең алдымен, әрине, қоғамның ең сауатты тобы саналатын білім саласының мамандары. Олай болса, мемлекетіміздің жарқын келешегіне бастар мақсаттар жолындаүздіксіз алға ұмтылу үшін,білім беру жүйесін өзгеріссіз қалдыруды жақтайтынкертартпа, жалтақ та ескі көзқарасты ұстанушы ұстаздарды ақпараттық-коммуникациялық технологияларға негізделген білім берудің жаңа парагдимасына қайта бағыттау –білім саласындағы әлі де жалғасы бар және оң шешімін табуы тиіс мәселе.

Педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын арттыру, жетілдіру – ғылым мен техниканың шарықтау шегіне жеткен ғасырдағы тұтас бір мемлекеттік, ұлттықдеңгейдегі талап, яғни заманауи талап болғандықтан, білім саласынақпараттандыруға қатысты алдағы жұмыстардыңда осы бағытқа сай атқарылуы абыройлы да зор міндет болмақ.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, Ақорда, 2012

2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауы.Астана, Ақорда, 2007

3. Нургалиева Г.К, Тажигулова А.И. Индикаторы оценки внедрения ИКТв организациях образования – Алматы: НЦИ, 2010. −65с.

Автор: 

Адамбекова Айжан Маманқызы

Алматы облыстық білім берудегі
ақпараттық технологиялар
орталығының директоры

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Введите свой комментарий!
Введите свое имя