1-тапсырма.

Шаштың ұшын қиғанда біз ауырсынуды сезбейміз, ал түбінен тартқанда ауырсынуды сеземіз? Мұны қалай түсіндіресің?

Жауабы: шаштың ұшы өлі жасушадан, түбі тірі жасушадан тұрады.

2-тапсырма.

Жүкті әйелдің толыққанды емес баланы дүниеге әкелуіне ашу-ызаның зияны бар ма?

Жауап:  Иә, себебі ұрық дамуының алғашқы сатысында адамның жүйке жүйесі қалыптаса бастайды.

3- тапсырма

1.Тері-адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әртүрлі қызмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады. Негізінен су мен жылу алмасуда маңызы бар.

Сұрақ: Қыс мезгілінде адамдар жаурап қалмауы үшін жылы қыстық киімдерін киеді. Сонда адам неліктен тоңбайды?

Жауап: Жылы киімдер(іштегі жылу) адам ағзасындағы жылуды сыртқа жібермейді.

4-тапсырма.

Біз үй тұрғызғанда оған қанша кірпіш кететінін есептеп шығара аламыз. Ал бірақ адам ағзасындағы жасушаның санын нақты біле алмаймыз. Неге?

Жауап: Тіршілігін жойған және зақымданған жасушалар өздігінен жаңарып отырады. Регенерация құбылысы жүреді.

5- тапсырма:

Скрипка  ойнаған  адамның  қай құлағы дұрыс естімей қалады.

Жауабы: Өйткені скрипканы сол жақтағы  иықпен ойнап сол  құлағына дыбыс  күші  түскендіктен.

6-тапсырма

Жас балалар күніне бірнеше рет құласа да сүйектері сынбауы мүмкін, ал егде адамдар сүрініп жығылған жағдайда сүйектері сол мезетте сынып жатады. Неліктен?

Жауабы:

Жас балалардың сүйегінің құрамында органикалық зат оссеиннің көбірек болуына байланысты. Органикалық заттар сүйекке иілгіштік және серпімділік, бейорганикалық заттар мықтылық пен сынғыштық қасиет береді.

7-тапсырма

Ішімдікті пайдаланған адам биіктен құлап кеткен жағдайда, ол адамның сүйегі сынбай аман қалуы мүмкін. Оны қалай түсіндіресіз?

Жауабы:

Ішімдікті пайдаланған адамның бұлшық еттері босаңсиды, ми мен бұлшық еттің арасында байланыс болмайды, ол адам қауіпсіздікті сезінбейді.

8- тапсырма.

Сүйектің мықтылығына жілік басындағы сүйек талшықтарының   айқаса орналасуы беріктік қасиет береді. Бұл қасиет көпір, мұнара салуда қолданылады екен.

Сұрақ: Осындай жолмен салынған мұнаралар қышқыл жаңбырдың әсерінен бүлінуі мүмкін бе?

Жауап: Мүмкін, себебі сүйектің құрамындағы бейорганикалық заттар қышқылдың әсерінен үгітіледі.

9-тапсырма.

Сұрақ: Кітапқа үңіліп тым жақын отырып көрген әсерінен көзде өзгеріс

бола ма?

Жауабы: Иә

10-тапсырма.

Ауаның иісі бар жоғын білу.
Егер де ауа таза болса, иісі болмайды. Ауа басқа иістерді өзіне жақсы иемденеді. Ауаның қандай иісі болуы мүмкін? (Жаңбырдан кейінгі, түтін, бензин иістері және т.б.) Соған көзімізді жеткізіп көрейік. Үстелдегі банкілерде бір нәрселер бар. Иіскеп ішінде не бар екенін көрейік (кофе, бұрыш, апельсин иістері). Ауаның иісі бар ма?

Жауабы:Ауаның жеке өзінің иісі жоқ. Иісті ауаға заттар береді.

11-тапсырма.

Сұрақ: Скрипка  ойнаған  адамның  қай құлағы дұрыс естімей қалады.

Жауабы: Өйткені скрипканы сол жақтағы  иықпен ойнап сол  құлағына дыбыс  күші  түскендіктен.

12-тапсырма.

Тұқымдардың  көптеген  түрлері  жарық  немесе  қараңғыда  өсіп-өнеді. Өсіп-өнуге қажетті екі жағдайды атаңыз.

1.______________________________________________________________

2.______________________________________________________________

13-тапсырма

Адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің  айырмашылығын сипаттайтын сапалы өгешелік. Ол көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан көрсететін қасиет ол қан арқылы беріледі бұл қасиет қалай атайды?

Жауабы:  Мінез

14-тапсырма.

Бұл аурумен емделіп жазылғанмен адам ол генді өзінде сақтап келесі ұрпағына береді?,бұл қандай ауру түрі-

Жауабы: Қант диабеті

15-тапсырма

Бірінші қатарға бір-бірінен 2 м қашықтықта 112 ағаш отырғызылды. Екінші қатарға бір-бірінен 1м қашықтықта 222 ағаш отырғызылды. Қай қатар ұзынырақ?

Жауабы: бірінші қатар

16-тапсырма

Кірпілер алмаға таласып жатыр.Оларға көмектесуге тиін келді. Тиін әр кірпіге бір алмадан берсе, бір алма артылып қалады. Ал әр кірпіге екі алмадан берсе, екі алма жетпей қалады.

Неше кірпі бар? Неше алма бар?

Жауабы: 3 кірпі. 4 алма

17-тапсырма

Асқабақ дұрыс өсуіне және пісуіне 60 күн қажет.Егер бірінші маусымда дәнін ексек, оның жемісін қай уақыттан бастап жинаймыз.

Жауабы: 20 шілде ден бастап

Автор:

Аширова Айман  Орисбековна.
Алматы облысы
Балқаш ауданы
№1 Жамбыл атындағы орта мектебінің
биология-экология пән мұғалімі

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Введите свой комментарий!
Введите свое имя