Физикадан күрделі есептер

0
444
  1. Идеал серпімді көлбеу жазықтықтың төбесіне h=0,5м биіктіктен серпімді шар құлайды. Егер көлбеу жазықтықтың ұзындығы L=32м, ал көкжиекке көлбеулік бұрышы =30 ͦ болса,шар оған неше рет соғылады?
  2. Жылдамдығы =1м/с қозғалыстағы қайықтың алдыңғы жағынан көкжиекке =30 ͦ бұрышпен қайыққа қатысты  =5м/с жылдамдықпен қайық үстіндегі адам суға секірді.
  3. Қайықтың массасы М=180кг, адамның массасы м= 60кг. Секіру қашықтығын және секіру қашықтығы ең үлкен мәнге ие болатындай адамның секіру бұрышын анықтау керек.
  4. Екі дененің арасына қысылған салмақсыз серіппеде 100 Дж энергия қоры бар. Бір дененің массасы 0,9 кг, ал екіншісінікі 0,1кг. Серіппе босағаннан кейін массасы үлкен дененің кинетикалық энергиясын анықтаңыз.
  5. Өлшемдері бірдей екі шар ұзындықтары 0,5м бірдей жіптерге түйістіре ілінген. Шарлардың массасы 2:3 қатынасындай. Жеңілірек шарды тепе-теңдік қалыптан =90 ͦ-қа шығарып қоя берді. Екінші шар абсолют серпімді соққыдан кейін қанша сантиметрге жоғары көтеріледі?
  6. Нүкте х=0,05sin(2t) теңдеуімен сипатталатын тербеліс жасайды (шамалардың бірліктері СИ жүйесінде). Қандай да бір уақытта нүктеге әсер ететін күш F Н, ал потенциалдық энергиясы Дж. Осы уақыт мезетіндегі нүктенің фазасы мен кинетикалық энергиясы неге тең болады?
  7. Радиустары 86,22∙10-3 см екі бірдей май тамшыларында бірдей біртекті зарядтар бар. Егер тамшылардың тартылыс күштері кулондық тебіліс күштеріне тең болса, онда олардың модульдерін анықта. Тамшылардың арақашықтығы олардың сызықтық өлшемдерінен әлдеқайда үлкен.
  8. Горизонтқа 450 бұрыш жасай 12 м/с жылдамдықпен лақтырылған тас лақтырылған жерден ℓ қашықтыққа құлады. Егер тасты көкжиекке дәл сондай жылдамдықпен лақтырса және сондай қашықтыққа құласа, онда тасты қандай биіктіктен лақтыру керек.
  9. Тас 15 м/с жылдамдықпен горизонталь лақтырылған. Қозғалыс басталған соң 1 с кейін тастың нормаль және тангенциал үдеуін анықта.
  10. Импульсі 200 С температурадағы сутегі молекуласының импульсіне тең фотонның массасын анықта. Молекуланың жылдамдығы орташа квадраттық жылдамдыққа тең деп есепте.
  11. Электр желісіндегі қуат шығыны тұтынушыға жететін қуаттың k1 = 5 % бөлігін құрайды. Тұтынушыға жететін сол бұрынғы қуат мәнінде шығынды k2 = 1 % дейін азайту үшін  желіге кіретін кернеу мен тұтынушының кедергісін қанша есе өзгерту керек.

Жүктеу

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Введите свой комментарий!
Введите свое имя