Физикадан бақылау жұмысы — 7, 8, 9, 10, 11 сыныптар

1
1348

Тақырыбы: Заттың құрылысы туралы алғашқы мағлұматтар

Мақсаты: Оқушылардың тарау бойынша алған білім, білік дағдысын тексеру.

I нұсқа

  1. Өрнектердің мәнін тап.
  2. Ұзындығы 1,2м, ені 8см және қалыңдығы 50мм тік бұрышты білеушенің көлемін тап.
  3. Мына сандарды стандарт түрде жаз: 830000; 287000000; 0,0000527; 0,000000029.
  4. Өлшем бірліктерді түрлендір:

20 см, 300 см, 500 мм, 15 мм, 54 км/сағ,15 м/мин, 400 г, 20г.

  1. Берілген кестеге төменде келтірілген сөздердің ішінен физикалық денелерді, затты, құбылысты білдіретін сөздерді теріп жазыңдар: қорғасын, күннің күркіреуі, алтын, Ай, сүт, парта, қалам,  күміс, ауа райының салқындауы, қасық, бензин, ұшақ, темірдің балқу, бұлттың көшуі, су тамшысы.
           Дене             Зат          Құбылыс
     

 

II нұсқа

  1. Өрнектердің мәнін тап.
  2. Гранит бағанының биіктігі 4м, бағанның табаны, қабырғалары 50 және 60см болып келген тік төртбұрыш. Бағанның көлемін анықта.
  3. Мына сандарды стандарт түрде жаз: 750000; 525300000; 0,000329; 0,00000000561.
  4. Өлшем бірліктерді түрлендір:

400 см, 50 мм, 200 мм, 12 мин, 45км/сағ,12 м/мин, 70 г, 500г.

  1. Берілген кестеге келтірілген сөздердің ішінен механикалық  құбылыстарды, дыбыс, жылу,  жарық құбылыстарын білдіретін сөздерді теріп жазыңдар: доптың домалауы, қоңыраудың естілуі, темірдің балқуы, домбыраның күмбірлеуі, күннің сууы,  құстың шырылдауы, таңның атуы, балықтың жүзуі, күннің күркіреуі, бұлттың көшуі, судың қатуы, сағат маятнигінің тербелуі, теледидар экранының жарығы.
Механикалық Жылу Дыбыс Жарық

 

Нені білуі, істей алуы тиіс: оқушылар физикалық шамалардың өлшем бірліктерін бір жүйеден екінші жүйеге айналдыра алуы тиіс; физикалық дене, зат, құбылыс ұғымдарын білуі тиіс.

Жүктеу

1 КОММЕНТАРИЙ

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Введите свой комментарий!
Введите свое имя