EduPortal.kz

Шын білім – әрдайым ақиқат, анық болатын білім.

Әбу Насыр әл-Фараби
Информационный-образовательный ресурс

Публикации

Гүлдене бер, Қазақстан!

Категория: Детский сад
Дата: 13.02.2017
Просмотры: 194 Печать страницы

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Бижанов ауылы

 «Күншуақ» балабақшасы

тәрбиеші

Мухтарова Г.

                          


Гүлдене бер, Қазақстан!

Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті.

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Бөлімі: Сурет салу.

Мақсаты:кең-байтақ Қазақстан туралы мәліметтерін кеңейту,туған жердің көрінісін қағазға түсіру білуге үйрету,өз еліне деген сүйіспеншілік пен патриоттыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар: бояу, су, сіріңке,Қазақстанның әсем жерлері бейнеленген суреттер

Әдіс-тәсілдері:сурақ-жауап,ой қозғау,жаттату.

Шаттық шеңбері

Дос болайық бәріміз

  Жарасып тұр әніміз

Тыныштықты сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз.

Балалар бүгінгі біздің сабағымыз еліміз Қазақстан жайында болмақ.

Сол үшін бүгін сабағымызды ән-ұрандан бастайық.

Балалар орындарынан   турып ән ұранды орындайды.

-Балалар Қазақстанның ел ордасы қай қала?  Астана.

-Астана қаласына саяхатқа барғыңдар келе ме?  Иә

Онда бәрімыз автобусқа жайғасып отырайық.Жол өтте алыс болғанлықтан

жол бойысендер мен отан туралы әңгімелесіп жүрейік.

-Қазір жылдың  қай мезгілі?  Күз.

-Күз айларын айтып беріңдер?  Қыркүйек, қазан, қараша.

-Бүгін қай күн?       Сәрсенбі.

-Балалар біз қай республикада тұрамыз? Қазақстан республикасында.

-Қай тілде сөйлейміз?  Қазақша.

-Отан деген не?   Отан біздің үйіміз,ата-анамыз, отбасымыз,тұған жеріміз.

-Қазақстанның рәміздерін айтып беріңдер?  Ту,ән ұран,елтаңба.

-Отан туралы тақпақдарды айтып беріңдер?

Балалар Астана қаласына қош келдіңдер!

Астана қаласындағы көректі жерлер мен танысайық

-Балалар Астана дегенде естеріңге не түседі?

Әріне Бәйтерек,Ақ орта, Ханшатыр «Нур Астана»мешіті.

Әр елдің баласы өз Отанның, туған жерін қадірлей білу керек.Астана-еліміздің бас қаласы.Астана күн сайын сағат сайын өркендеп өсіп келеді.

Есіл өзенінің сол жағында Қазақстанның жаңа астананың символы «Бәйтерек» бар екен.Бәйтерек-Астананың құс ұшатын биіктіктен көрсетеді.

Шардың ішінде Елбасымыз Нурсултан Әбішұлы Назарбаевтың оң қолының танбасы бар ұшбұрышты күмыс бойтұмар орналасқан.

-Бәйтеректің биіктігі 97метр екен.

-Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997жылы көшірілуге байланысты екен.

-Балалар бүгін біз Астананың символы Бәйтеректің суретіні саламыз,және

ерекше бір тәсілмен сіріңке арқылы Бәйтеректің суретіні қағаз бетіне

бейнелеп салып жығамыз.

Сергіту сәті

Бір, екі, үш, төрт, бес

Шықты саусақ серуенге,

Бір саусағым билеп кетті,

Бір саусағым секіріп кетті,

Бір саусағым сәлем берді,

Бір саусағым ойнап кетті,

Бір саусағым ұйықтап қалды,

Шаршамаңдар саусақтар,

Қане сурет салыңдар.

 

Сурет салу жолдарін балаларға көрсетіп-түсіндіру.

Алдымен тік төртбұрыш саламыз, оның орта бөлігі жіңішке,төменгі

және жоғары бөліктері жуандап кетеді.Енді оның жоғарғы бөлігіне дөңгелек,яғни шар тәрізді «жұмыртқа» саламыз,көрік беру үшін үлгідегі

дей  етіп дөңгелек жаққа қарай күннің шуағындай етіп ұзынша сызықтар-

жүргіземіз.

Сабақты қортындылау:

Балалар,бүгінгі салған суреттерің өте әдемі шықты,олардан көрме жасайық.Суреттер сендердің туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді көрсетіп тұр.