EduPortal.kz

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім.

Мұхтар Әуезов
Информационный-образовательный ресурс

Публикации

Күзгі жапырақтар

Категория: Детский сад
Дата: 13.02.2017
Просмотры: 209 Печать страницы

Алматы облысы

Еңбекшіқазақауданы

Х.Бижанов ауылы

 «Күншуақ» балабақшасы

тәрбиеші  З.Р Сираждинова


Күзгі жапырақтар

Білім беру саласы:«Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сурет»
Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы айту, күз мезгілінде ағаштардың жапырақтары неліктен сарғаятыны жайлы айту. Балалардың ой-өрісін дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойындар.

Шаттық шеңбері:

Армысың асыл күн!
Армысың асыл досым!
Жылуыңа – жылу қос,
Міне менің қолым!!!

Сабақтың барысы:
Балалар, бүгінгі сабаққа көңіл күйлерін қалай?
- Сендер бала-бақшаға келгенде ауа-райы қандай болды?
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Жақсы балалар ендеше біз сабағымызды бастайық.
Музыкалық әуен ойналады.
Қолында түрлі түсті шарлары бар сайқымазақ кіріп келеді.
- Балалар бізге қонаққа кім келді?
- Сайқымазақ.
- Дұрыс айтасыңдар балалар бүгін біздің сабағымызға сайқымазақ келіпті.Сайқымазақ бізге өзінің тапсырмаларын алып келіпті.
Сайқымазақтың тапсырмаларын орындаймыз ба?
Сары жапырақтар жауғанда
Күзде жауын бұлт, тұман
Сары жапырақ жауады
Сары құйын ұйытқан
Сапырады ауаны
Тапталады табанға
Судыр-судыр жапырақ
Өрттей сары бояуға
Малынғандай атырап.

 
- Балалар тақтадағы суретке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?
Күз мезгілінде қандай табиғи өзгерістер болады екен?
- Күн суытады,ағаштың жапырақтары сарғаяды, жазда өсірілген гүлдер күз мезгілінде қурап сарғаяды.
Ендеше балалар, біз осы күзгі көптеген сары, қызыл жапырақтарды жасап көрейік.
- Жапырақтарды  жасау үшін тақтадағы үлгіге қараймыз.
- Алдарымызда тұрған Қылқаламдарды бояуға жағып,мына жапырақсыз тұрған ағашқа жапырақтарын салып береміз.

Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үлкен болып өседі.
- Балалар сендердің жұмыстарыңды көріп,сайқымазақ қуанып отыр.
Сайқымазаққа сендердің жұмыстарың  ұнады.
Енді ол сендермен бір ойын ойнағысы келеді.
Ойын: «Жапырақтар жинау».
Ойынның барысы: Балалар музыкалық әуенмен жерге шашылған жапырақтарды жинаулары қажет.
Ойын: «Шарларды жару».
Ойынның барысы: Балалар сайқымазақ әкелген шарларды бір-бірлеп жарады. Ішіндегі сыйлықтарын алады .

Сайқымазақ:
- Міне керемет, өте жақсы! Мен сендерге өте ризамын, қандай білімді балаларсыңдар деп өзінің тәттілерін балаларға үлестіреді де балалармен қоштасып шығып кетеді.
 

Күтілетін нәтиже:

Баланың түсінуі: Күз мезгілінің сиқырын .

Баланың меңгеруі:  Күз мезгіліндегі жапырақтар ерекшеліктерін.

Баланың жасай білуі:  Ағаштарға жапырақтар салады.Қылқаламмын жұмыс жасайды.