EduPortal.kz

Шын білім – әрдайым ақиқат, анық болатын білім.

Әбу Насыр әл-Фараби
Информационный-образовательный ресурс

Публикации

Қармен тәжірибе жасау.

Категория: Детский сад
Дата: 13.02.2017
Просмотры: 189 Печать страницы

Алматы облысы

  Еңбекшіқазақ ауданы     

  «Күншуақ» балабақшасының

тәрбиешісі Р.А.Сулейманова

                          


Тақырыбы: Қармен тәжірибе жасау.

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Экология негіздері.

Мақсаты: Тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімдерін кеңейту.

Табиғатты сүюге және оған қамқор болуға баулу. Балалардың тілін дамыту.

Балалар қол ұстасып залға кіреді.

Сабақ барысы: Қонақтармен амандасады.

Шаттық шеңбері:

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен

Біздер сәлем береміз.

Ғажайып сәт:

Балалар бізге қонаққа Аққала  келді.Аққала мен амандасайық. Бірақ Аққала көңілсіз ғой.

Аққала: -бүгін менің туған күнім мені ешкім құттықтамады.

Бүгін балалар, біз Аққаланың көңілін аулайық.

-Аққала сен бізбен бүгін сабаққа қатысасың ба? Сабағымыз өте қызықты, біз саған қармен тәжірибе көрсетеміз.

Тәрбиеші екі үлкен ыдысқа қар алып кіреді.Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс.

-Қыс екенін қайдан білдіңдер?

-Далада қар бар.

-Қыста қар жауады. Қардың түсі қандай?Жазда қар жуама?

-Жоқ.

-Қар неге бөлмеде ериді?

-Бөлме жылы.

Ыдыстағы қармен Аққалаға тәжирибе көрсетеміз. Аққала-дегеніміз орыс тілінде-снеговик.

Қар-снег, ақ-белый, аяз-мороз, қыс-зима. Балалар қайталайды.

1-тәжірибе. Ақ матаға қар қою. Қар еріп кетеді. Қардың лас, кір іздері қалады. Қарды жеуге болмайды, тамағымыз ауырады, өйткені ол суық.

2-тәжірибе. Стакандарға қарды салып, түстерін өзгерту.

3-тәжірибе. Ыдысқа су құйып оны далаға алып шығып қою. Мұздан моншақ жасап көрсету.

4-тәжірибе. Балалар, қыс мезгілінде таулар аппақ болады. Тауды жасап көреміз. Жаз мезгілінде айнала жап-жасыл боллады. Қардың үстіне жасыл бояуды шашайық.

Енді алақандарыңды ашыңдар. Барлықтарыңның алақандарыңа қар саламыз. Балалар қарды алақандарымен дөңгелетеді. Қар қолда еріп кетеді.

Сергіту сәті:

Бір дегенде тік тұрамыз.

Екі дегенде екі рет айналамыз

Үш дегенде үш рет секіреміз

Төрт дегенде қолымызды жылытамыз

Бес –дегенде отырып дем аламыз.

 

Слайдпен  жұмыс.

Мақал- мәтелдер.

Жұмбақ  шешу.

Аппақ , бірақ сүт емес, аппақ бірақ бор емес

Аспаннан ол түседі, даланы ақпен жабады.   (қар)

 

Терезеге қонады

Әсем ою салады.               (қырау)

 

Аяғы жоқ, қолы жоқ

Тістеп алады.                      (Аяз)

 

Ойын: «Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтып бер»

-Аққала, саған біздің бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Көңілің көтерілді ме?

-Иә, сабақтарыңыз өте қызықты екен. Қар туралы көп затты үйрендім.

 

Қорытынды: Балалар, бүгін сабақта біз немен тәжірибе жасадық?

-Қармен.

Қардың түсі қандай?

-Ақ- ол жұмсақ.

Жарайсыңдар балалар. Сау-саламат болыңдар.