EduPortal.kz

Самые лучшие инвестиции – это инвестиции в знания.

Бенджамин Франклин
Информационный-образовательный ресурс

Про знания и науку

А

Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.

***

Алтын алма, білім ал.

***

Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.

***

Ақыл –дария,
Ой – теңіз.

***
 

Ә

Әліппенің ар жағы – білім бағы.
***

 

Б

Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.
***

Білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен білмесе, кішіден сұра.

***

Білім –арзан, білу –қымбат.

***

Білегіңе сенбе, біліміңе сен.
***

Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.

***

Білетінің – бір тоғыз,

Білмейтінің – тоқсан тоғыз.

***

Білім –гауһар бағасы жоқ.
Надандық –кесел дауасы жоқ.

***

Білімдінің қағазда аты қалар.
Ұстаның істеген заты қалар.

***

Білім – ер азығы,
Ер – ел азығы.

***

Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні қаріп.

***

Білімдіден ақыл шығар.
Ақылды қарттан нақыл шығар.

***

Ғылыммен жақын болсаң, қолың жетер,
Залыммен жақын болсаң, басың кетер.
 

Ғ

Ғылым – теңіз, білім – қайық.

***

Ғылымға құныққаның – құтың,

Дүниеге құныққаның – жұтың.

***

 

Д

Е

Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.


***

Еңбек ердің – санаты,
Білім ердің – қанаты.

 

Ж

Жердің сәні – егін,
Ердің сәні – білім.

***
Жер – ырыстың кіндігі,
Білім – ырыстың тізгіні.
***

Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі білім біл.

***

Жаста оқыған оқуың –тасқа жазған хатпен тең .

***


З

Зейінді жас –
Білімге бейімді жас.
 

К

Кітап – алтын қазына.
***
Кітап –алтын сандық:
іші толған қазына, құт,
оқы, оқы, ойыңа тұт.
***
Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім.

***
Кітап –көзі жұмыққа арзан,
Көзі ашыққа маржан.
***
Кітап – қаймақ, білім – оймақ.
***
Күш – білімде,
Білім – кітапта.
***
Кітап – білім бұлағы,
Білім –өмір шырағы.
***
Кітап –оқығандікі,
Білім –тоқығандікі.
***

Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі.

***
Кітап – мұхит, сол мұхиттан не терең?
Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!

***
 

Қ

Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.

 

М

Н

Наданмендосболғанша,
Кітаппендос бол.
 

О

Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.

***

Оқу –инемен құдық қазғандай.

***

Оқу түбі –тоқу.

***

Оқу – білім бұлағы,
Білім – өмір шырағы.
***

Оқу – білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.

***

Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.

***

Оқып сөйлеме,
Көңіліңе тоқып сөйле.
 

Ө

Өнер – ағып жатқан бұлақ,
Ғылым – жанып тұрған шырақ.
***

П

Р

С

Сиырдың сүті – тілінде,
Жігіттің құты – білімде.

 

Т

Талап – тұлпар,
Білім – сұңқар.

***

Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.

 

У

Ұ

Ұстаздан шәкірт озар.
***
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
 

Х

Ш

Шәкіртсіз ұстаз – тұл.

 

ҒЫЛЫМ-БІЛІМ, ӨНЕР ТУРАЛЫ ӨЛЕҢДЕР

 

ӨНЕР-БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР

Ыбырай Алтынсарин

 

Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды,
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді,
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай.
Білгендерге осылар
Бәрі-дағы анықтай,
Білмегенге танықтай.
Біз де бекер жатпалық

Осыларға таныспай.
Ат өнері білінбес,
Бәйгеге түсіп жарыспай.
Желкілдеп шыққан көк шөптей,
Жаңа өспірім достарым,
Қатарың кетті-ау, алысқа-ай!
Біз надан боп өсірдік
Иектегі сақалды.
,,Өнер — жігіт көркі" деп,
Ескермедік мақалды...
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды!

***

КІТАП – ЖЕМІС АҒАШЫ

МұзафарӘлімбаев


Көрдің талай аралап,
Мәуелі жеміс бақшасын.
Тәттілерін таңдап ап,
Жемісі қайта өнер ме?!
Кітап та – алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін...

***

ҒЫЛЫМ-БІЛІМ ТУРАЛЫ ОЙЛАР

 

Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Абай.

***
Ғылым білімге қонады, ғылымсыз білім тым құрғақ.

Жүсіпбек Аймауытов.

***
Ғылымды үйреніп, оны өмірге қолданбаған кісі – жерін айдап, дәнін сеппеген адамға ұқсас.

Сағди Ширази.

***
Білмегенді сұрап үйренген – ғалым, арланып сұрамаған – өзіне залым.

Әлішер Науаи.

***
Оқысаң ғылым қорын білім асар,
Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.

Шәңгерей Бөкеев.

***
Ғылым өмірге қызмет етеді.

Нильс Бор.

***
Ғылым үшін барлығы да маңызды.

Г. Гейне.

***

Адамның шын мәнісіндегі нағыз артықшылығы ғылымда.

И. Гёте.

***

Кітап маған тақтан да қымбат.
У. Шекспир.
***


Кітап асып-таспайтын асыл досымыз.
В. Гюго.
***
Жақсы кітап ақылды адамның әңгімесімен бірдей.
Л. Толстой.
***
Кітап – ақылды қуаттандыратын құрал.
Я. Коменский.
***
Егер мен бай болсам, тек қана кітап сатып алар ем.

Кітап – әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі.
М. Горький

***

Образец сертификата

Образец сертификата